Жайық Хасанов Екібастұз, Ақсу және Май аудандарында жұмыс сапарымен болды.

Бүгін, 2019 жылғы 11 қыркүйекте Павлодар облысы Кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Жайық Хасанов Екібастұз, Ақсу және Май аудандарында жұмыс сапарымен болды.

Сапар барысында басқарма басшысы аудандардағы шағын және орта бизнестің даму деңгейін бағалады. Атап айтқанда, жол бойындағы сервис нысандарын, сондай-ақ "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қолдау алған кәсіпорындар мен шағын индустриялық аймақтар құру жоспарланып отырған әлеуетті нысандарды аралады.