Мемлекеттік мекеменің басқармасы

 

Хасанов Жайық Талапұлы — Павлодар облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы.

Жайык Талапұлы 1986 жылы туған, 2008 жылы Жәңгірхан ат. Батыс Қазақстан техникалық университетін қаржы мамандығы, 2014 жылы Шығыс Англия Университеті жанындағы Тіл мектебін, 2015 жылы Шығыс Англия Университетінің магистратурасын халықаралық мемлекеттік саясат, реттеу және бәсекелестік магистрі мамандығы (Ұлыбритания) бойынша тәмамдады.

Еңбек қызметін 2004 жылы «Құрылыс сервис» ЖШС бастады. 2008 жылғы қыркүйектен 2009 жылғы қыркүйекке дейін – Астана қ. бойынша Қазынашылық департаметінде, 2009 жылдан бастап 2019 жылдың мамырына дейін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі лауазымдарында қызмет атқарды.

 

 

 

Сәкенов Айдос Мерекеұлы

Айдос Мерекеұлы Сәкенов — Павлодар облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары.

Айдос Мерекеұлы 1987 жылы туған, 2008 жылы Л. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, 2011 жылы – Гончаров ат. Қазақ автожол институтын «Құрылыс» мамандығы бойынша, 2013 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, 2016 жылы «Адам ресурстарын басқару» бойынша Лидс Университетін (Ұлыбритания) бітірді.

Еңбек жолын 2006 жылы ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі комитетінің сарапшысы ретінде бастады. 2016 жылғы қарашадан 2018 жылғы маусымға дейін Алматы қ. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бөлімінің басшысы болып бастады.

 

 

 

Жанқалов Самат Омарұлы —  Павлодар облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары.

Білімі – жоғары экономикалық.

2014 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша Қазақстандық-Британдық Техникалық университетін бітірді. 2015 ж. бастап 2019 ж. дейін Астана қ. ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде жұмыс істеді. 

 

 

Басқарманың орналасу жері: Павлодар қаласы, Астана к., 61, 1-қабат.

Басқарманың электронды мекенжайы: kense.dpp@pavlodar.gov.kz