Мемлекеттік мекеменің басшылығы

 Павлодар облысы кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы Шәбенов Қанат Қайыржанұлы 

1972 жылғы 20 сәуірде Павлодар облысының Ертіс ауданында дүниеге келді.

Мәскеу автомобиль және тракторлық машина жасаудың мемлекеттік академиясын (1994), техникалық ғылымдар кандидаты ғылыми дәрежесін меңгерумен «МАМИ» Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінің аспирантурасын (1998), Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын (2006) тәмамдады.

Әртүрлі жылдары агроөнеркәсіп кәсіпорнында, С. Торайғыров ат. ПМУ, Павлодар облысы Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту департаментінің, Павлодар облысы коммуналдық шаруашылық, көлік және коммуникациялар департаментінің, Павлодар облысы әкімінің кеңесшісі, Павлодар облысы кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы, «KSP-Steel» зауытында қызмет атқарды.

2017 жылдың мамырынан бастап - Павлодар облысы кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы. 

 

Облыс кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы басшысының орынбасары Давыденко Оксана Сергеевна

            1978 жылғы  20 маусымда туған, білімі - жоғары. 1999 жылы Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын экономист мамандығы бойынша бітірген. Еңбек қызметін 2000 жылы Алматы және Павлодар қалаларының бірқатар коммерциялық құрылымдарында бастаған. 2009 жылдан бастап мемлекеттік қызметке қабылданды, Железинка ауылы «Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бюджеттік жоспарлау секторының бас маманы, 2012 – 2013 жылдары - Железинка ауылы «Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бастығының орынбасары, Железин ауданы әкімі аппаратының басшысы. Қазіргі уақытта  «Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» ММ басшысының орынбасары лауазымын атқарады.


 

Облыс кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы басшысының орынбасары Жармағамбетов Асхат Баймұханұлы


            1976 жылғы 1 тамызда дүниеге келген, білімі - жоғары. 1998 жылы С.Торайғыров атына ПМУ инженер-механик мамандағы бойынша, 2009 жылы Қазақстан Республикасы Президенітінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі мамандағы бойынша бітірген. Еңбек қызметін 1999 жылдан бастап Павлодар облысының Шолақсор ОМ машина жүргізу мұғалімі болып бастады. 2001 жылдан бастап Павлодар облысының аудандарындағы бас маман лауазымынан Май ауданының әкімі лауащымына дейін мемлекеттік қызметте қызмет атқарып келеді, 2014 жылғы маусымнан облыстың кәсіпкерлік пен туризм дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін «Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» ММ басшысының орынбасары лауазымын атқарады.

Мемлекеттік мекеменің басшылығы

Қосымша ақпарат