Жаппай жиналу орындарының терроризмге қарсы қорғалуы туралы

Ағымдағы жылғы 3 қазанда Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы базасында облыстың құқық қорғау құрылымдары қатысуымен кеңес өтті: Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің департаменті, Прокуратура, Ісшкі істер департаменті және жергілікті полиция қызметі, Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы, Павлодар қаласының және облыс аудандарының әкімдіктері.

Мүдделі нысаналы аудитория ретінде ірі сауда объектілерінің, қоғамдық тамақтану объектілерінің, қонақ үйлерінің, демалыс үйлерінің және санаторийлердің өкілдері қатысты.

Күн тәртібіне террористік қатынаста осал (бұдан әрі – ТҚО) адамадардың жаппай жиналу объектілерінің санатына жататын, нысаналы аудиторияның терроризмге қарсы қорғалуы туралы мәселе шығарылатын болады.

Павлодар облысы бойынша барлығы ТҚО 725 объектісі есептелуде. Оларға мыналар жатады: аса маңызды мемлекеттік объектілер, стратегиялық объектілер, қауіпті өндірістік объектілер мен адамдардың жаппай жиналу объектілері.

Аталған тізбе Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 269/5 қбп қаулысымен бекітілді.

Кеңес сұрақ-жауап режимінде өтті, кеңес ахуалы құқық қорғау органдары мен бизнес өкілдері арасындағы ашық диалогқа септігін тигізді.

Әңгімелесу барысында терроризмге қарсы қауіпсіздік жөніндегі талаптарды сақтау мәніне жылына 1 рет жиілігімен, облыстың ішкі істер департаменті қызметкерлерімен жүргізілген тексерістер бойынша өзекті мәселелерге сұрақ қойылды. Құзыретті органдар мысалдарды келтірумен толық жан-жақты жауап берді.

Бір жарым сағаттық кеңес қорытындысы бойынша кәсіпкерлерге әдістемелік ұсынымдарды флеш-тасымалдаушыға жүктеу арқылы қажетті ақпаратты, сондай-ақ облыстың құқық қорғау органдарынан қажетті басқа да мәліметтерді алу мүмкіндігі берілді.

yarmarka yarmarka

yarmarka yarmarka

Қосымша ақпарат