Павлодарлық өнім Астана тұрғындарында табысқа ие

Павлодар облысының ауыл шаруашылықтары мен тауар өндірушілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында астаналық тұтынушылық нарықта, а.ж. 30 қыркүйек 1 қазан аралығында Павлодар облысының кеңейтілген ауыл шаруашылық жәрмеңкесі Астана қ. өтті.

Жәрмеңкеге облыстың 70 ауылшаруашылық тауар өндірушісі, сондай-ақ ірі кәсіпорындары («Рубиком» ЖШС, «Крендель» ЖШС, «Қызылжар Құс» ЖШС, «Шарбақты құс фабрикасы» ЖШС және басқалары) белсенді қатысты.

Павлодарлық өндірушілермен ұсынылған азық-түліктің бағалары Астана қ. орташа бөлшек бағаларынан 15-25 %-ға төмен болды.

Осылайша, мысалы, Астана қ. сиыр етінің орташа бөлшек құны 1600 теңге/кг құрайды, ал павлодарлық өндірушілерде баға 1250 теңге/кг құрады, яғни 22 %-ға төмен.

Аталған факт жәрмеңкені өткізудің екі күні аралығында павлодарлық сауда шатыршаларының сөрелерінде туындаған тұтынушылық сұранысты көрсетті. Кезектер таң сәріден басталып, жәрмеңкенің түбегейлі жабылуына дейін жалғасты.

Қорытындылай отыра, жәрмеңкенің екі күні ішінде 250 млн. теңге жалпы сомасына өнімнің 900 тоннасы өткізілгенін атап өтеміз.

yarmarka yarmarka yarmarka

yarmarka yarmarka yarmarka

Қосымша ақпарат