Астана қаласындағы Astana Leisure 2017 Халықаралық көрмесіне қатысу туралы

2017 жылғы қыркүйектің 27-нен 29-на дейін Астана қ. «Көрме» көрмелік орталығында Astana Leisure 2017 Халықаралық көрмесі өтті.
Туристік, іскерлік және мәдени орталық ретінде Павлодар облысының имиджін нығайту мақсатында, Павлодар облысына туристерді тарту үшін облыстан келесі құрамдағы делегация қалыптастырылды:
- Нұрмағамбетова Салтанат Серікқызы – облыс кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының туризмді дамыту бөлімінің басшысы;

- Отарғалиева Гүлмира Малвайқызы – «Саят Павлодар» ЖШС директоры;
- Арғынова Сәуле Идрисқызы – «Пять звезд» ЖШС директоры;
- Ахметов Қайыржан Момынтайұлы – Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің эко ағарту ғылымы және туризм бөлімінің бастығы;
- Нұрғазин Ринат Нұрғазыұлы – «Ертіс орманы» МОТР РММ бас директорының орынбасары;
- Молянов Алексей Федорович – «Ертіс орманы» МОТР РММ эко ағарту ғылымы және туризм бөлімінің бастығы.

Көрме бағдарламасы ресми тұлғалар қатысуымен «Қазақстандағы медициналық туризм мектебі» тақырыбы бойынша Қазақстандық туристік қауымдастық семинарынан, көрмені ашу салтанатынан, Красноярск өлкесінің туристік-ақпараттық орталығы және Казань қаласының туристік әлеуетінің халықаралық орталықтары презентациясынан құралған.

Туризм күнін мерекелеуге орай және Қазақстанның туристік саласы дамуына үлес қосуға байланысты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің құрмет грамотасымен С.С. Нұрмағамбетова, Г.М. Отарғалиева, С.И. Арғынова наградталды.

al2017 al2017-2

Қосымша ақпарат